Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Сталкинг деген не?

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде Қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» ұғымы енген заңға қол қойды. Бұл түзету азаматтардың жеке бас бостандығын қорғау және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды, заң 2025 жылдың 16 қыркүйегінде күшіне енді.

 Сталкинг – бұл адамның еркіне қайшы, онымен тұрақты түрде байланыс орнатуға тырысатын, зорлық-зомбылықсыз, бірақ елеулі зиян келтіретін заңсыз қудалау әрекеті. Жаңа бапқа сәйкес сталкинг үшін: 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Егер қудалау зорлық-зомбылықпен, қорқытумен, бопсалаумен немесе жеке өмірге қол сұғумен ұштасса, іс-әрекет басқа баптар бойынша қосымша сараланады. Қылмыстық қудалау тек нақты зиян келген кезде басталады. Мысалы, адамның еркін жүріп-тұруына шектеу қою, жеке өміріне қол сұғу немесе психологиялық қысым көрсету жағдайында. Сталкингке бей-жай қарамауға және мұндай жағдай туындаса бірден ішкі істер органдарына хабарласуға шақырамыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT