Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ДАМУ ЖОЛЫНЫҢ АЙҚЫН ДӘЛЕЛІ

 Жаңа Конституция – Қазақстанның дамуының айқын дәлелі. Бұл – күшті әрі әділетті мемлекет жолындағы саналы таңдау.

Біз бүгінде еліміздің алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды. Реформалардың негізгі мақсаты – адам құқықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін нығайту және әділ қоғамдық тәртіп қалыптастыру. Маңыздысы – бұл үдерістің ашық әрі жария түрде өтіп жатқаны. Жаңа Конституция жобасы – жарты жылдан астам уақыт бойы ел азаматтарынан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен, түрлі ұйымдардан келіп түскен ұсыныстар мен бастамалардың нәтижесі. Сондай-ақ осы күнге дейін жүргізілген түрлі ұзақ талқылаулардың жемісі деп білеміз.

 Гүлнұр АСАНҒАЛИЕВА,

Б.АМаншин атындағы орта мектептің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT