Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Н.Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай азамат Н.Д. «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар поезының вагонында алкогольдік масаң күйде купенің қабырғасын ұрып, былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіретін қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған. Сот отырысында Н.Д. кінәсін мойындап, пойыз ішіндегі рестотраннан алкоголь өнімін ішкенін, жасаған іс-әрекетіне өкініп, енді қайталанбайтынына уәде беретінін айтып, өзіне қатысты жеңіл жаза тағайындауын сұрады.
Сот қаулысымен азамат Н.Д. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 69000 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Иә, жолаушылар поезын өз үйіндей көріп, ащы судың кесірінен айқай-шу шығарған апталдай азамат шығынға қалып, істі болды. Адамдардың көбі бұрынғыдай көріп, еркіндік танытуы мүмкін, бірақ қазіргі заманына сай адамы демекші, жүйкесі жұқарған жұртшылық сенің еркелігіңді көтермесі анық. Оның үстіне заңдар да күннен күнге қатайып, талап күшеюде. Сондықтан әрбір іс-әрекетімізге баға беріп, қоғамдық орындарда, көпшілік жерлердіе жүріп-тұру әдебін сақтай білген жөн.
Қызылқоға аудандық согтының баспасөз қызметі.