Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанда криптовалюта саудалаушылар 5 млрд теңгеге жуық салық төлемеген

Фото: Midjourney
Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кірістер комитеті елде цифрлық майнингті реттеу жұмыстары қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып берді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда бүгін ресми түрде 75 майнер тіркелген. Кейінгі 3 жылда олардың қызметтерінен түсуі тиіс салық көлемі 17,7 млрд теңгені құрады. Соның ішінде цифрлық майнинг үшін төлемдер 11,6 млрд теңге болды. 

    - 2024 жылғы салықтық тексерулер кезінде біршама кемшіліктер анықталып, тағы 4,9 млрд теңге салық төленді. Олардың 2,3 млрд теңгесі цифрлік майнинг үшін, ал 2,6 млрд теңгесі корпоративті кіріс салығына кіреді, - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Сонымен қатар цифрлық майнинг үшін төлемдерге жүргізілген камералдық бақылау барысында бюджетке қосымша 451 млн теңге түсті.

    - Аталғандармен қоса криптовалюта сатқан азаматтардың кірістерін азайтып көрсету жағдайлары анықталды. Нәтижесінде оларға 4,3 млрд теңгеге қосымша салық салынды, - деп мәлім етті ведомство өкілдері.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT