Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨК ШАҢҒА АЙНАЛҒАН АУЫЛ

Бүгінде, жауын-шашынның жоқтығынан ба, Сағыз ауылының іші көк шаңға айналғаны жасырын емес. Әсіресе, ауылішілік және республикалық маңызы бар жолдарды салып жатқан мердігер компаниялардың камаздары ауыл ішін көк шаңға айналдыратынын қайтерсің?

Бұған мына сурет дәлел. Сонда арнайы су шашатын машиналары бола тұра мердігер компаниялардың ауыл тұрғындарының жағдайын ойлап, су шашу мәселесін қолға алмайтыны қайран қалдырады? Ал, көк шаңның кесірінен қаншама адам аллергия және тағы да басқа ауруларға шалдығуда.

Сондықтан, округ әкімдері ауыл тұрғындары ауылдың саф ауасын еркін жұту үшін ауыл ішін көк шаңға айналдырмау жолдарын қарастырып, мердігер компанияларға қоршаған ортаның тазалығын сақтау тұрғысында ықпал етсе игі. Бұл қоршаған ортаны құрметтеудің алғы шарты деп білеміз.

Б.ІЗБАН

Суретті түсірген: Ж.ТАЛАСОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521