Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

18 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Жақында «Арман» мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкені ашқан аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Бекешов жиналған тұрғындарға еліміздегі төтенше жағдай салдарынан бос жұмыс орындарға сұраныстың азайғанын, алайда, халықты жұмыспен қамту бағытында іс-шаралар атқарыла беретінін жеткізді. Жұмыспен қамту жәрмеңкесіне 20 мекемеден жұмыс беруші қатысып, өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды. Іс-шара кезінде жұмыс іздеген жұмыссыздар мекеме өкілдерімен сұхбаттасып, ұсынылған жұмыс жайлы толыққанды ақпарат алды. Нәтижесінде 18 адам аудандық мекемелерге тұрақты жұмысқа жолдама алса, 27 адам вахталық жұмысқа түйіндемелерін тапсырды.

Осы орайда, жәрмеңкеге жалпы саны 50 жұмыссыз қатысқанын,. олардың басым бөлігі вахталық жұмыс іздеушілер екенін айта кетейік.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз