Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ГАЗЕТ – РУХАНИЯТТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Дүниеде ең жаманы – рухани құлдырау. Әсіресе, бұл дерт осынау жаһандану дәуірінде асқынып тұр. Оған басты себеп – интернетке иірілген жас буын кітап, газет оқуды қойды. Ал, шын түсінген адамға руханияттың қайнар көзі газетте.

Әсіресе, әрбір тұрғын өз ауданынан шығатын газетті апта сайын алып, үнемі оқып отырса жан жақты білімді һәм сауатты болары хақ. Осы орайда, мен аудан халқын аудандық «Қызылқоға» газетіне жазылуға шақырамын. Жетпіс жылдық тарихы бұл газет оқуға тұрарлық бірден-бір басылым. Бағасы да қолжетімді. Алты айға бар-жоғы 1600-ақ теңге екен. Меніңше қазіргідей бәрі қымбаттап тұрған заманда бұл халық үшін керемет баға. Сондай-ақ, жақында газетті оқып отырып «Қаламгер сыйлығы» деген байқауды көзім шалып қалды. Сөйтсем ол газеттің мерейлі 70 жылдық мерейтойына орай газет ардагерлерін ұлықтауға арналған шығармашылық байқау екен. Жүлдеге тіккен байрағы да қомақты. Бір ғана шарт – эссе, очерк, фельетон, корреспонденция және тағы да басқа ұмытылып бара жатқан жанрларда шығарма жазу.

Айтпақшы бұл байқауға тек «Қызылқоға» газетіне жазылған оқырман ғана қатыса алады. Яғни, алты айға немесе бір жылға жазылған түбіртекті шығармамен бірге тапсыру керек. Демек, сіз бен біз газетке жазылу арқылы шығармашылық байқауға қатысып, жүлде ұтып ала аламыз. Сондықтан да, аудан айнасына жазылуға асығайық, ағайын.

Шапиғолла ҚОНЫСБАЕВ,

ауданның Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз