Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бағыты айқын, тәлімі мол басылым

сурет редакция мұрағатынан алынды
сурет редакция мұрағатынан алынды

Ақпарат айдыны алға жылжыған сайын ұлы көштің арасындағы бедері айқын, берері мол басылымдардың қатарында аудандық «Қызылқоға» газеті де  өзіндік бағыт-бағдарынан жаңылмай келеді.

Қазір барлық деңгейдегі басылымға жазылу науқаны қызу жүріп жатыр. Әрине, әркім өзі қалаған газетке жазылуға құқылы. Десек те, аудан тұрғындары ең алдымен өзіміздің төл газетіміз «Қызылқоғаға» жазылуы тиіс.  Қандай ақпарат құралы болса да, ең бірінші елдің тыныштығы, өсіп өркендеуі, кемелденуі жолында еңбек етері хақ. Бұл орайда, аудандық газет табысты жұмыс жасауда. Басылым беттерінде алаштың ақиықтары туралы, қаламы қарымды ақын-жазушылардың мақалалары, өлке тарихы, басқа да құнды дүниелер жарық көреді. Әсіресе тағылымы мен мәні зор мақалалар жас ұрпаққа өз өлкесінің тарихын білуіне үлкен септігін тигізері сөзсіз. Ал, мәдениет, спорт жаңалықтарында аудан, облыс, республикада  абыройын асқақтатқан өнерлі өрендер, сайыпқыран  спортшылар жайлы мақалалар жиі көрініс табады. Газет бетіне шығатын сала мамандарының да кеңестері құнды.  
    Киелі өлкенің әр тынысынан хабар беріп отыратын газетке биыл жетпіс жыл толып отыр. Ендеше, барша аудан халқын сүйікті басылымымызға бір кісідей жазылып, торқалы тойына өз үлесімізді қосайық, ағайын!

Қымбат ҚАРАБАЛИНА,

Көздіғара ауылдық округінің тұрғыны, режиссер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521