Мемлекеттік айыптаушы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Жамбыл облысы, Тараз қаласының 2 тұрғынына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша 10 және 11 жылға бас бостандығынан айыруды қамтамасыз етті.
Олар «Телеграм» электрондық ақпараттық ресурсын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде «Альфа-пвп» психотроптық заттарын заңсыз сақтап, өткізу мақсатында тасымалдаған. Облыс прокуратурасы мен құқық қорғау органдарының күштері есірткі қылмысына қарсы аяусыз күреске шоғырланған. Есірткіні заңсыз таратуға ниет білдірген әрбір адамды қатаң жолын кесу мен ауыр жаза күтеді.
Атырау облысының прокуратурасы