Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЗОР

6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу жөніндегі референдуымның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Сондықтан еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штабқа бірікті.

Бұл еліміздің алдағы ұзақ жылғы табысты дамуына кепіл болатын серпінді жоба. Ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Ел болып дамудың даңғыл жолына түсу үшін, уақыт талабына сай жаңа жобаның игілігін көргеніміз де абзал. Себебі атом электр стансасы тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі. Әзірге атом энергетикасының орын басатын өзге стансалар жоқ.  Өйткені уақыт өткен сайын елде электр энергиясына деген сұраныс арта түсетіні түсінікті. Бұл ретте тұрақты энергия көздері болмаса айтарлықтай проблемаларға тап болуымыз мүмкін екенін ескеруіміз керек. Жалпы электр энергиясын тұтынудың артуы – әлемдік үрдіске айналып отыр.

Сондықтан аталған қуаттың жетіспеушілігі айқын байқалуда. Осы орайда, электр энергиясы көздерін әртараптандырудың маңызы зор. Ендеше, референдумға қатысып өз таңдауларымызды жасайық.

Жолдас ИБРАШЕВ,

аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT