Жолдаудағы Жасанды интелектке қадам басу – еліміздің дамуының жаңа бағытын айқындайтын маңызды ұстаным. Жасанды интеллект пен цифрландыруды жаппай енгізу – Қазақстанның экономикалық қуатын арттырып қана қоймай, қоғам өмірінің барлық саласын жаңа сапалық деңгейге көтереді. Бұл – өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметті оңтайландыруға, білім мен ғылымды жаңғыртуға жол ашатын үлкен мүмкіндік. Бүгінгі заманда цифрлық технологияны игерген ел ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Сондықтан Президент атап өткендей, стратегиялық бағдарымыздың негізгі өзегі – жасанды интеллект пен цифрлық жаңғыру болуға тиіс.
Клара МАРДАНОВА, зейнеткер



