Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, 35 жыл бұрын қабылданған «Қазақстанның Егемендігі туралы декларациясы» – халқымыздың еркіндікке, дербестікке деген ұмтылысының айқын көрінісі болды.
Бұл құжат еліміздің тәуелсіздігіне бастау болған тарихи шешім еді. Ол кезең – ұлттың рухы оянып, өз тағдырын өзі айқындауға ұмтылған жауапты шақ болатын. Егемендік декларациясы – тәуелсіз мемлекеттіліктің саяси, құқықтық іргетасын қалаған маңызды құжат.
Бүгінгі тәуелсіз, дамушы Қазақстан – сол тарихи таңдаудың жемісі. Біз өткенге тағзым етіп, азаттықтың қадірін ұғындыру – әр буынның азаматтық парызы екенін ұмытпауымыз керек.
Оңғар ЖАНЫҚҰЛОВ,
ардагер



