Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмысшыны қолдау - дамуға жол

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау туралы бастама көтеріп, қоғамда еңбек адамының мәртебесін арттыруға үлкен назар аударды.

Бұл – ел болашағын айқындайтын маңызды шешім. Себебі кез келген елдің тұрақты дамуы мен өндірістік әлеуеті кәсіби мамандар мен білікті жұмысшыларға тікелей байланысты. Қарапайым еңбек иелерінің маңдай терімен ел экономикасы алға басып келеді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылық төмендеп кеткені рас. Дегенмен, мемлекет бұл бағытты қайта жаңғыртып, колледждер мен кәсіптік білім беру ұйымдарының мәртебесін көтеруге күш салуда. Жұмысшы мамандықтардың жылын жариялау – осы салаға жан бітірудің нақты қадамы. Бұл жастар арасында еңбекке құрметпен қарауға, кәсіби бағыттағы білім алуға, сұранысқа ие мамандықтарды игеруге жол ашады. Бүгінгі таңда дәнекерлеуші, электрик, механик, құрылысшы сынды техникалық мамандарға сұраныс өте жоғары. Сондықтан еңбек адамының беделін көтеру – тек әлеуметтік мәселе емес, бұл – ел дамуының стратегиялық тетігі. Еңбек еткеннің еңсесі биік, болашағы жарқын.

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT