Президентті жеті жылға бір рет сайлау тәртібі бекітіліп, сондай-ақ Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым атқаруға тыйым салатын нормалар енгізілді.
Бұдан бөлек, жақында Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда елімізде бірпалаталы Парламент құру бастамасын көтердім. Аталған ұсыныс халық мүддесіне сай саяси жүйені жаңғырту ниетінен туындап отыр. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы негізінде қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ішкі саясатымызда ерекше мән беріледі, – деді Президент. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордадағы Тәуелсіздің сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII Cъезінің жұмысы басталды. Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуал аса күрделі екенін айтып, әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне келген меймандарды ашық пікір алмасуға шақырды.