Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ БАСТЫ МІНДЕТ

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат болды.

Президенттің бұл Жолдауында білім беру саласына да ерекше назар аударылып, нақты міндет жүктелді. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және басқа да заманауи бағыттар бойынша терең білім беруді жолға қою, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру секілді мәселелер көтерілді. Бүгінде аудан мектептерінде білім сапасын арттыру, цифрлық сауаттылықты дамыту, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық тұрғыда нығайту бағытында жұмыстарын жалғастырып келеді. Президент атап өткендей, қазіргі білім – тек оқулықпен шектелмейтін, шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлауға үйрететін, болашақ мамандығына жол ашатын құрал болуы тиіс. Осыған сай, біз ұстаздардың біліктілігін арттыру, жаңа оқыту әдістерін енгізу, оқушыларды ғылымға баулу бағытында жұмыстар жүргіземіз. Жолдаудағы міндеттер – біз үшін бағыт-бағдар. Білімді ұрпақ – ел ертеңінің кепілі екенін ұмытпай, егемен еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етеміз.

Гүлфайруз АНЖАНОВА,

аудандық білім бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT