Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АМӨЗ балаларға мереке сыйлады

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау МӨЗ қуаныш пен жылулыққа толы мереке ұйымдастырды. 

    Ретро-саябақта өткен іс-шараға зауыт қызметкерлерінің 200 баласы мен отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылының 10 тәрбиеленушісі қатысты. Ұйымдастырушылар бұл күнді жарқын әрі ұмытылмастай етуге тырысты. Мультфильмдердің кейіпкерлері болып киінген аниматорлар интерактивті ойындармен жиналғандардың көңілін көтерді.  Балақайлар ән айтып, би билеп, асфальқа сурет салды. 
Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне сыйлыққа электросамокаттар, ал зауыт жұмысшыларының бүлдіршіндеріне ақшалай сертификаттар табысталды.
    АМӨЗ бас директорының әлеуметтік мәселелер, жұртшылықпен және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасарының м.а Гүлнәр Достанова кішкентай қонақтарды мерекемен құттықтап, бөбектердің дамуына және алға қойған мақсаттарына жетуіне мүмкіндік жасау қажеттігін ересектердің есіне салды.
    АМӨЗ мерекелік шаралардан бөлек жыл сайын жұмысшылардың балаларының жазғы демалысын да ұйымдастырады. Биыл «Ақ-бұлақ» сауықтыру лагерінде (Алматы қ) зауыт қызметкерлерінің 300-ге жуық баласы демалады деп күтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз