Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістердің бастауы деп білеміз. Бұл құжат кәсіпкерлікті қолдауға, инновациялық және креативті жобаларды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жастар мен талантты мамандарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кеңінен тартуға берік негіз қалайды.
Сонымен қатар басты құжатта азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, басқаруға, шешім қабылдауға және денсаулық сақтау жүйесіне қатысуына тең мүмкіндік беріліп отыр. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтеді. Бұл – елдің болашағына негіз болатын жүйелі реформа екенін көрсетуде. Жаңа Конституция жобасы жабық форматта емес, қоғаммен ашық диалог негізінде әзірленуде. Осы уақыт ішінде шамамен төрт мыңға жуық ұсыныс келіп түсті және оларды талқылау жалғасып жатыр. Мұның барлығы еліміздің болашағы, халықтың ертеңі үшін жасалып жатқан дүние екені даусыз.
Болат ҚАБЕСОВ,
Мемлекеттік қызмет саласының ардагері



