Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖҮЙЕЛІ ҚАДАМ

Конституцияның кез келген мемлекет үшін айрықша маңызы бар. Бұл – құқықтық жүйенің негізі, елдің қандай қағидаттарға сүйеніп дамитынын белгілейтін басты құжат, мемлекет тірегі.

Аталмыш құжат заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға, билік органдарының дербес әрі нақты жауапкершілігін күшейтуге және мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын нығайтуға бағытталған. Бұдан басқа, мемлекеттің басты құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары нақты әрі мазмұнды түрде бекітілген. Бұл – қысқамерзімді саяси шешімдерге емес, ұрпақ алдындағы жауапкершілікке негізделген ұстаным. Осылайша, Конституцияның ұсынылған жобасын қоғамды біріктіретін және болашаққа сенім қалыптастыратын рөлге ие деп айтуға толық негіз бар. Мұның бәрі кездейсоқ өзгерістер емес, жүйелі жаңғыру екені сөзсіз. Қорыта айтқанда, жаңа Конституцияның жобасы еліміздің жарқын болашағына бағытталған жүйелі қадам.

 Талғат БАЗАРБАЕВ,

Миялы ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT