Жақында конституциялық реформа жөніндегі комиссия жаңа Конституцияның жобасын жариялаған болатын. Ұсынылған құжат кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады.
Жобада бірқатар жаңа институттар мен нормалар бар. Олардың қатарында вице-президент лауазымын енгізу, адвокаттық қызмет пен адвокатураға арналған арнайы конституциялық бапты бекіту, сондай-ақ қылмыстық процесте «Миранда» ережесін қолдану ұсынылған. Сонымен қатар жаңа жоба ел егемендігі мен тәуелсіз¬дігін сақтауға, аумақтық тұтас-тығын қорғауға және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағыт¬талған нақты құқықтық нормалармен толықтырылған. Бұл құжат мемлекеттің сыртқы қы¬сым¬дарға төтеп беру қабілетін арттырып, ішкі бірлікті сақтау¬дың институционалдық негізін қалыптастырады. Сондықтан аталған жоба мемлекетіміздің бүгінгі және болашақтағы мүд¬де¬сі қатар қамтылған, заман¬ға сай құжат екені анық. Және де бұл өзгерістер ел басқару жүйесін жетілдіріп, халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады.
Дастан ҚОЖАХМЕТОВ,
Тасшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



