Жаңа Конституция жобасында сайлау еркіндігіне, азаматтардың өз таңдауын еркін әрі әділ түрде жүзеге асыруына ерекше мән берілуі – демократиялық қоғам құру жолындағы маңызды қадам деп санаймын.
Себебі, сайлау – халықтың саяси еркін білдіретін негізгі тетік, ал оның ашықтығы мен әділдігі мемлекетке деген сенімнің басты өлшемі. Конституцияның жаңа жобасының 36-бабында «Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар» деп көрсетілген. Бұл ретте, конституциялық деңгейде сайлау құқығының кепілденуі әр азаматтың дауыс беру арқылы ел тағдырына ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл қоғамдағы саяси мәдениетті қалыптастырып, билік пен халық арасындағы жауапкершілікті нығайтады. Жалпы алғанда, Жаңа Конституциядағы сайлау еркіндігіне қатысты бағытты толық қолдаймын. Себебі еркін әрі әділ сайлау өткізілетін елде ғана заң үстемдігі орнап, тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптасады деп сенемін!!
Айдана ИЖАПҚҰЛОВА,
Миялы балалар өнер мектебінің педагогы



