Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

 Қазақстан халқы қазіргі таңда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссиясы ұсынған Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын талқылауда. Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады.

Конституцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі адам құқықтарына бағдарлауында. Адам құқықтары мен бостандықтары бірінші бөлімнің 1-бабында ғана емес, Конституцияның «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деп аталатын негізгі екінші бөлімінде топтастырылып, айқындап, бөліп көрсетіліп отыр. Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа құқықтық тетіктермен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар Конституция жобасында қоғамдағы айқындалған жаңа құндылықтардың бірі – дін мен мемлекет ара-жігін нақты белгілеу. Жаңа редакциядағы Конституцияның 5-бабында «Дін мемлекеттен бөлек» деп анық жазылған. Өз кезегінде 33-бапқа «Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерінде білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлық сипатқа ие» деген жаңа норма қосылып отыр. Мұның барлығы мазмұны жағынан да, мағына жағынан да өте маңызды шешім. Жалпы Конституцияны өзгерту – қоғам дамуының заңды талабы. Уақыт өткен сайын елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірінде жаңа қатынастар қалыптасады. Осыған байланысты Конституцияға енгізілетін өзгерістер халықтың дауысын ескеріп, әділдік пен жауапкершілікті арттыра түседі. Бұл өгерістер халықтың өміріне жақсылық әкеледі деген ойдамын.

Сәрсенбай ҚОЙШЫБАЕВ,

Қызылқоға ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT