Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда жылдың алғашқы марафоны өтті

Атырауда жылдың ең алғашқы жүгіру жарысы — «Winter Run 2026» марафоны ұйымдастырылды. Шара Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен, Run Club Atyrau клубының бастамасымен өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биылғы жарысқа 220 қатысушы тіркеліп, барлығы 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынады.

– Біздің негізгі мақсатымыз – халықты белсенді өмір салтына баулу. Жарыс туралы ақпарат жарияланған сәттен бастап қызығушылық жоғары болды. Бұл біз үшін үлкен шабыт, – деді ұйымдастырушы Гаухар Бекетаева. 

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Еркебұлан Аташев жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Тұрсынай Сұлтанғалиева мәреге бірінші болып жетті.

– Керемет әсер алдым. Жайық өзенінің жағалауымен жүгіру ерекше сезім сыйлады. 2020 жылдан бері жүгірумен айналысып келемін. Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс, – деді жеңімпаз Еркебұлан Аташев.

Айта кетейік, марафонға қатысушылардың жас ерекшелігі әртүрлі болды. Жүлдегерлер қатарында 16 жастағы жасөспірімдермен қатар, 76 жастағы тәжірибелі әуесқой спортшы да бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT