Кент аумағында қысқы кезеңге байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қар тазалау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Арнайы коммуналдық техника мен қызметкерлер көшелерді, жол жиегін және жаяу жүргіншілер аймақтарын қар мен мұздан тазартуда.
Аталған жұмыстар көлік қозғалысының қалыпты жүруіне, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Кенттің санитарлық тазалығын сақтау және қысқы маусымдағы қолайсыздықтардың алдын алу бағытындағы шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Дендер Ақпарат



