Атырау облысында мемлекеттік қосымша білім беру бағытында 34 мекеме қызмет атқарады. Оның ішінде 7-еуі Атырау қаласында орналасса, 27-сі аудан аумақтарында жұмыс істейді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған ұйымдарда 38 мыңнан астам бала қосымша білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Оқушылар түрлі бағыттағы үйірмелерге қатысып, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алуда.
Қосымша білім беру ұйымдарының құрамында 7 саз мектебі, 11 өнер мектебі, жас техниктер стансасы, 5 оқушылар үйі, 9 балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру клубы, сондай-ақ жас туристер бекеті бар.
Сонымен қатар мектептен тыс ұйымдарда барлығы 642 үйірме жұмыс істейді. Олардың 88 пайызы тегін негізде қызмет көрсетіп, балалардың қолжетімді білім алуына жағдай жасалған.



