Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда «Талап бар жерде тәртіп бар» тақырыбында спортшылар мен оқушылар кездесуі өтті

2026 жылғы 5 ақпанда Атырау қаласындағы №4 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларымен Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Талап бар жерде тәртіп бар» тақырыбында тағылымдық кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында заңға құрмет, тәртіп мәдениеті мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, танымал спортшылар, спорт ардагерлері, мұғалімдер, оқушылар және БАҚ өкілдері қатысып, жалпы саны 100-ге жуық адам қамтылды. Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бас маманы Сагингалиев Аманжол Сағынғалиұлы оқушыларды спортқа және тәртіп, тәрбиеге шақырды. Әлем және халықаралық деңгейдегі чемпион спортшылар – Жандос Назарбеков, Аида Хайруллина, Алихан Сейтов және Қуандық Бекназаров өз тәжірибелерімен бөлісіп, спорттағы тәртіп пен еңбекқорлықтың табысқа жетудегі рөлі туралы ой қозғады. Спикерлер жастарды заңды құрметтеуге, уақытты тиімді пайдалануға, мақсатқа адал болуға және спортпен тұрақты айналысуға шақырды. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Шара қорытындысында ұйымдастырушылар мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық рухын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT