Атырау облысы Полиция департаменті Көші қон қызметі қызметкерлері Қызылқоға ауданы орталығынан шалғайда орналасқан ауылдық округ тұрғындарының мерзімі асып кеткен құжаттарын ауыстыруды рәсімдеуге көмектесуде.
Осы орайда, аталмыш ауданға қарасты Қарабау ауылының 75 жастағы тұрғыны Роза Дүйсембаева полиция қызметкерлерінің мекен жайына келіп, мерзімі асқан жеке басын куәлəндыратын төлқұжатын ауыстыру мақсатында құжаттарын рәсімдеп бергеніне ризашылығын білдірді.
Зейнеткер ана тәртіп сақшыларына алғысын бейне таспа арқылы жолдады.