Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА НЫСАН

Мемлекетіміздің кәсіпкерлік саласына ерекше назар аударып, жеке кәсіпкерлер үшін тиімді жағдай жасап, қолдау көрсетуінің нәтижесінде ау­данда кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар саны артып, кәсіпкерлік нысандардың қатары көбейіп келеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында Миялы ауылында тағы бір кәсіпкерлік нысан ашылып, халық игілігіне ұсынылды.

«Аниса» сауда үйінің ашылу салтанатына қатысып, құттықтау тілегін білдірген аудан әкімінің орынбасары Гүлшара Ізімова:

– Ел экономикасын өрге бастыратын саланың бірі – шағын және орта кәсіпкерлік. Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалуда. Ауданда тіркелген 1919 кәсіпкерлік субектісінің 1768-і, яғни 96,8 пайызы өз жұмысын белсенді жасап келеді. Бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсетіп отырған 382 кәсіпкерлік нысанның 205-і сауда нысаны болса, бір базар, 56 қоғамдық тамақтандыру, 96 халыққа қызмет көрсету және 24 шағын өндіріс орындары халыққа қызмет көрсетуде. Биыл 11 жаңа кәсіпкерлік нысан пайдалануға беріліп, бірқатар жұмыс орындары ашылды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері аудан кәсіпкерлерінің 71 жобасы 893,8 миллион теңгеге қаржылай қолдау тапты. Соның бірі – жеке кәсіпкер Айнагүл Бимұханованың бүгінгі ашылғалы отырған «Аниса» сауда үйі. Ендеше, жаңашыл кәсіпкердің табысты болуына, ғимараты үлкен сауда қатарынан орын алуына тілекшіміз, - деді.

Бұдан соң, сөз алған жеке кәсіпкер Айнагүл Бимұханова кәсіпкерлікпен айналысатын жандарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын тілге тиек етіп, кәсібін дамытуға қолдау көрсеткен барша азаматқа ризашылығын білдірген соң Миялы ауылынан аз қамтылған 10 отбасына 10 мың теңгенің сертификатын табыс етті. Одан әрі салтанатты түрде нысанның лентасы қиылып, ашылу салтанатына жиналғандар ғимаратты аралап, ақ дастарханнан дәм татты.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT