Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. «2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді» - деп тоқталып өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Салимгали Ганиет.
Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.
Тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының орташа айлық жалақысы 364 295 теңгені құрады.
Осылайша, 2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады:
МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.
Еске салайық, МӘМС жүйесіндегі мәртебені келесі жолдармен тексеруге болады:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.