Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық фельдшерлер жұртты сүйсінтті!

Атырауда жаңа жыл қарсаңында үйде егіз қыздар дүниеге келді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Оларды жедел жәрдем фельдшерлері босандырып алдыдеп хабарлайды АtyrauРress тілшісі. 29 желтоқсанда жедел жәрдемге жүкті әйелден шақыру түсті. 9 бригада шұғыл түрде жетті. Жедел жәрдем фельдшері Эльвира Каримованың айтуыншабригада келгенде әйел босануды бастап кеткен екен. Бірақ, фельшерлер жедел әрекет етіп, кәсіби біліктіліктерін көрсете білген.

- Әйел босана бастағанда баланың басы пайда болды. Мен де қызметіме кірісіп кеттім. Дүниеге қыз бала келді. Мен кіндікті кескен бойда босанушы әйел сәбидің екінші сыңары бар екенін айтты. Мұндай жағдай менің 11 жылдық тәжірибемде бірінші рет болып отыр. Бірақ, әрине, мен бұған дейін де бірнеше рет босандыруға қатыстымдейді Э.Каримова.

Ал, екінші фельдшер Қанат Жексембаевтың тәжірибесінде бұл – алғашқы жағдай. Себебі, оның бұл қызметте жүргеніне небәрі бір жыл ғана болған екен. Айта кетейік, жыл басынан бері жедел жәрдем фельдшерлері стационардан тыс жерде 49 рет босандыруға қатысқан. Алайда, бүгінгідей егіздердің дүниге келуі – бірінші жағдай.

Жанат Шаяхметова

Аударған: Амандық Сағынтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT