Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанда «Aqyl Battle» интеллектуалды жарысы басталды

Бұл жоба жөнінде «2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру туралы» баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Aqyl Battle» жобасы бұған дейін телефон қосымшасы арқылы көпшілік арасында кеңінен танылған болатын. 

«Aqyl Battle» – 14-35 жас аралығындағы жастар арасында мемлекеттік тілде жүргізілетін заманауи зияткерлік командалық ойын.

Турнир үш кезеңде өткізіледі: бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік онлайн турнир - «Aqyl Battle» мобильді қосымшасындағы өңірлік іріктеу; екінші кезең (іріктеу) – өңірлік оффлайн турнирлер; үшінші кезең – «Aqyl Battle Cup» республикалық сайысының финалы.

Евгений Кочетов өз сөзінде мұндай зияткерлік ойындар рухани құндылықтар мен патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті. Жобаның мақсаты мемлекеттік тілді кеңінен дәріптеу, тілге деген қызығушылықты ояту, логикалық ойлауды дамытатын білімді жастар үшін бос уақыттың өзекті форматын қалыптастыру мақсатында жастар арасында қызықты интеллектуалдық, шығармашылық сайыстар өткізу және ел азаматтарының лингвистикалық капиталын арттыру.

Дәулет Мұқаев, өз кезегінде іске қосылып жатқан ойынның құрылу тарихымен бөлісті.

ҚР Үкіметі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жасақтаған 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын бекітті.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында егеменді Қазақстанның жаңа сын-қатерлері тұрғысынан жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жобалар айқындалды, соның бірі – «Aqyl Battle».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521