Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балабақшада жас мамандармен тренинг өтті

Жас мамандарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибесіне енгізе отырып логикалық ойнау қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында «Нұр-Шуақ» бөбекжай балабақшасында «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман!» атты тренинг болып өтті. 

Тренинг барысында, «Шаттық шеңбері», «Сіз қандай  мамансыз», «Суреттегі ой», «Өзін-өзі бағалау деңгейі», «Фигуралар сөйлейді», «Жас мамандарға кеңес», «Қорытынды» кезеңдері бойынша жас мамандар сынға түсті. Атап айтсақ, бірінші кезеңде, «Ол қандай адам?» деп бір әріптесінің аты жазылған қағазды алып, сол адамның атын айтпай, сипаттап пародия келтірсе, екінші тест сұрақтарына жауап берді. Ал, үшінші кезеңде экраннан көрсетілген суреттер туралы мамандар өз ойларымен бөліссе, келесі бөлімде ақ қағазға салынған қара нүкте арқылы ой-түйсік анықталды. Осылайша, соңғы бөлімде шеңберде тұрып, «Мен үшін бүгін...» сөйлемін жалғастырып ерекше әсер алды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521