Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАДА ОЙЫЛДЫҢ АРНАСЫ ТОЛДЫ

Ұзақ жылдан бері су келмей, аңқасы кебе бастаған Ойыл өзені өткен аптадан бастап тасып, қызылқоғалықтарды қуанышқа бөлеуде.

f94206e1-d7d9-493a-81a9-778fb7778602

Қазіргі таңда, 15 миллион текше метр су келіп, ол «Ералы» су торабы арқылы ауылдық округтерге шығарылуда. Жауапты мамандар бұл Ащыойыл өзенінің суы екендігін, әлі Ақтөбе облысындағы «Тамдыкөл» су өндіру жүйесі ашылып, одан да су келетіндігін айтуда. Демек, Ойыл өзені әлі де тасиды деген сөз. Соған қарамастан, қазірдің өзінде өзеннің арнасы толып, ескі жылғаларға су шығуда.

082c35e6-7b30-4b0b-b236-9745441e8eac

Соған орай, ауданда қауіпсіздік шаралары қолға алынуда. Аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебековтің айтуынша Миялы, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтерінде бөгеттер биіктетіліп, еріктілер қапшықтарға құм толтыруда. Бұдан бөлек, «Ералы» су торабындағы алты қақпаның төртеуі ашылып, ауылдар мен шабындық жерлерге су шығарылуда. Сондай-ақ, Жарыпшыққан арқылы Тайсойғанға да су жіберілді.  Қазіргі таңда, аталмыш су торабында аудан әкімі бастаған топ жұмыс жасауда.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз