Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданында ағасының ешкісін ұрлап, сойып алған адам сотталды

Ауыл тұрғыны мас күйінде ағасының үйіне келіп, жеңгесімен жанжалдасып қалады.

Жеңгесі үйінен қуып шыққан соң ер адам кек алу үшін ағасының қорасындағы ешкіні ұрлап, сойып алған. Осылайша, туысына 10 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Сот барысында ер адам кінәсін толық мойындап, болған іске өкінетінін айтқан. Оның туыстары да жігіттің әрекетін кешіріп, соттан оған жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды және осы кезеңде пробациялық бақылауға алынды.

 

Atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521