Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Серпер» газетінің 95 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Бүгін аудан өміріндегі маңызды мәдени оқиға — өңірдің бай тарихына ие «Серпер» газетінің 95 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті. Мерейтой аясында аудан тұрғындары мен жастарға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, аудандық футбол турнирі, жастар арасында интеллектуалды куиз, оқушылар арасында өлең жазудан байқау, сондай-ақ облыстық деңгейдегі ақындар айтысы өтті. Мерекелік жиында баспасөз саласының ардагерлері мен үздік журналистердің еңбегі еленіп, арнайы марапаттар табысталды. «Серпер» газеті — өңірдің айнасы, халықтың шежіресі. 1929 жылы алғаш рет жарық көрген басылымның атауы уақыт талабына сай төрт рет өзгергенімен, мазмұны мен мақсаты өзгерген жоқ. Қазіргі таңда газет 5 мыңға жуық данамен таралып, қызығушылығын жоғалтпай, тұрақты түрде халық қолына жетіп келеді. Жүз жылдық белеске қадам басқан ұжымға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT