Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Таңдай ауылында жалпыұлттық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты – елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеу болып табылады.

Аталған акция аясында:

Мекемелер мен ұйымдар өз ғимараттарының айналасын тазалады;

Ауыл тұрғындары аулалары мен үй іргелерін ретке келтірді;

Көшелер бойындағы қоқыстар жиналып, арам шөптер шабылды;

Қоқыс шығару және күл-қоқысты төгетін орындарды тәртіпке келтіру жұмыстары жалғасуда.

«Тазалық – бәрімізге ортақ іс!» қағидасын ұстанған таңдайлықтар ауылды таза, көрікті ұстау жолында белсенділік танытып келеді.
Барша ауыл тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, сенбіліктерге белсене қатысуға шақырамыз.

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT