Атакәсіпті ардақтаған ардагерлердің жолын жалғап, мал шаруашылығын өркендетіп отырған жандар – бүгінгі күннің шынайы еңбеккерлері.
Мысалы, байырғы малшы, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Нағиым Мыңбаевтың ұлы Жетіс Мыңбаев «Нағиым» шаруа қожалығын құрып, әкеден қалған құтты таяқтың қадірін арттырып отыр. Қиындыққа қарамай, шөлейтті өңірде шаруасын дөңгелетіп жүрген ол:
- «Жер құнарсыз, пішен тапшы. Қысқы мал азығына 300 рулон шөп керек. Әрқайсысын 8000 теңгеден сатып аламыз», – дейді.
Осындай еңбек адамдары – ауылдың тірегі, елдің ертеңі. Жұмысшы мамандықтары жылында жастар осылардан үлгі алып, атакәсіпке бет бұрып, туған жердің өркендеуіне үлес қосса дейміз.
«Дендер»-Ақпарат