Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мақатта “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” акциясы аясында шара өтті

Мақат ауданында орталық алаңда «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық айлығы байқауының қорытынды кеші өтті.

 Акция ауданымызда кең көлемде жүзеге асып, оған тұрғындар белсене атсалысты. Жалпы, “Үздік көше”, “Үздік үй”, “Үздік подьезд” номинациялары бойынша ұйымдастырылды. Шара барысында Азамат Мәмбетов «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталып өтіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша жеңімпаздарды марапаттады.

Байқау нәтижесі бойынша «Үздік көше» номинациялары бойынша 3 көше, яғни Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 32/2, Мақат кенті, Болашақ 2 және Доссор кенті, М.Өтемісұлы 133 көше, 2 үй тұрғындары, «Үздік үй» Доссор кенті, Т.Текеев көшесі, 187 үйдің иесі Алтыбаев Ғалымжан Жақсылықұлы, “Үздік подьезд” номинациясы бойынша Мақат кенті, Бейбітшілік көшесі 11, 5 подъезд тұрғындары жеңімпаз атанып, қаржылай сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Азамат Саматұлы акцияға белсенділік танытып, зор үлес қосқан аудан тұрғындарына арнайы алғыс хат табыс етті.

Қорытынды кеш аудан көркөмөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT