Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыда тасқын сумен күрес жалғасуда

Кешеден бері күрт көтеріліп, Миялы ауылының іргесіне келген тасқын су әлі түсер емес. Соған орай Миялы-Жангелдин бағытындағы жол уақытша жабылып, кеше кешкі сағат 5-тен бвстап су сору жүмыстары жүруде.

Алғашында су сору жүмыстары аудандық төтенше жағдай бөлімінің су сорғыларымен жүргізілсе, түнгі сағат 2-де облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 2 “Камаз” автокөлігі көмекке келді. Ол техника секундына 110 литр су соруға қабілетті. Қазіргі сәтте, су сору жүмыстары жалғасуда. Алайда, тасқын су әлі басылар емес. Соған орай, таңғы сағат сегізден бастап бөлім, мекеме қызметкерлері мен еріктілер қапшықтарға құм толтырып, асфалть жолды биіктетуде. Соңғы ақпарларға сүйенсек “Ералы” су торабында судың деңгейі түскен, алайда, аудан орталығы сыртындағы айналма жолға тіреліп тұрған су әлі түсер емес.

a874d0fe-6d45-471d-8474-fe36bd1877c1

Сонымен қатар, таңертең облыстық төтенше жағдайлар департаментінен көмекке келген моторлы қайықпен аудан әкімі бастаған топ жоғары жақтағы судың көлемін білу үшін “Кенен” көпірі тұсынан жолға шығып кетті. Бұдан бөлек, Индер ауданынан көмекке 15 су сору қондырғысы келе жатыр.

Д.Берік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521