Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МАХАМБЕТ ЖЫРЛАРЫН ЖАТҚА АЙТТЫ

Жақында 8-11 сынып оқушылары арасында  «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Онда оқушылар Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу, жатқа оқу, күйлерін орындау, жас ақындардардың өз туындыларын мәнерлеп оқу және шығармашылық жұмыс қорғау бағыттары бойынша сынға түсті. 

Нәтижесінде, Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бойынша Мұқыр орта мектебінің оқушысы Айнұр Жұмағали    І орынды иеленсе, ақын өлеңдерін жатқа оқудан №2 орта мектебінің оқушысы Мұхаммедәли Берік, күйлерін орындаудан Тасшағыл орта мектебінің оқушысы Әскер Қуаныш, жас ақындардардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бөлімінде Қарабау орта мектебінің оқушысы Альбина Ермек, шығармашылық жұмыстарын қорғау бөлімінде  Х.Досмұхамедұлы орта мектебінің оқушысы Мәдина    Махамбетқызы І орынды иемденді. 

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521