Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕҢБЕК ИЕГЕРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ауданымыздың 80 жылдық мерейтойы бүгін “Арман” мәдениет үйінде ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқандарды марапаттау шарасымен басталды.

Онда алдымен сөз алған аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

- Мемлекетіміздің қай кезеңдегі даму үрдісін алатын болсақ, оның ішінде Атырау облысының орны ерекше. Оның сүбелі үлесі бүгінгі мерейтой иесі аудан тұрғындарының еншісінде ендігін мақтанышпен айта аламыз. Өлкеміздің өркендеу жолындағы атқарған адал еңбектеріңіз әрқашанда біз үшін үлкен мәртебе. Кезінде ел жұрттың панасы бола білген ата-бабалардың сара жолын қазіргі келе жатқан ұрпақ лайықты атқарып келеді деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі мерейлі сәтте сол еңбектеріңіздің аз болса да өтеуі ретінде ұлығылау шараларын қолға алған болатынбыз. Сондықтан осы біздің ауданымыздың 80 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медалімізді сіздерге табыс етуге рұқсат етіңіздер. Баршаңызды ауданның 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Ауданымыз өркендеп дами берсін , - деді.

Бұдан соң аудан басшысы аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқалимен бірге бір топ сала ардагерлерін “ Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы” атағымен марапаттаса, бір топ сала ардагері мен қызметкерлерін “ Қызылқоға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен мадақтады. Шара барысында аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, салтанатты шараның шырайын келтірді.

Әйгерім БИБОЗҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521