Соңғы кездері елімізде әлеуметтік желі арқылы компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, компьютерге арналған қауіпті бағдарламаларды қолдану және тарату, төлем карточкаларын, өзге де төлемдік, есептік құжаттарын қолдан жасап, жоғары технологияны пайдалана отырып ұрлық, алаяқтық қылмыстарын жасау жиі орын алуда.
Соның бірі - интернет желісіндегі «LinkedIn» парақшасы. Оның жымысқы әрекеті сол- Қазақстандықтарға бәсекелі жалақы, тұрғын үй, көлікпен қамтитын Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы жарнамалап, Ұлыбританияға виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді. Сонымен бірге, алаяқтар компанияның шотына жоғарыда аталған құжаттарды дайындау үшін қажетті 1300-5000 фунт стерлинг көлеміндегі соманы аударуды сұрайды. Оған сеніп қалғандар талап етілген соманы (кейде қарыз қаражат есебінен) төлегеннен кейін алаяқтар өз арам ойларын жүзеге асырып алып байланысқа шықпай қалады. Сол сияқты Интернет желісінде зиянды бағдарламалар арқылы «Майкрософт» пайдаланушыларын жалған техникалық қызмет көрсетуге мәжбүрлеп, көрсетілген қызметке төлем талап ететін жаңа алаяқтық қылмыс түрі пайда болып жатыр. Сондықтан аудан тұрғындарының назарына, өздеріңіздің пайдаланып отырған интернет желісіндегі «Instagram», «WhatsApp», «Facebook», «ВКонтакте» тағы сол сияқты парақшаларды пайдаланған кезде сақ болғандарыңыз жөн. Қандай да болмасын жоғарыда көрсетілген қылмыс түрлері орын алған жағдайда дер кезінде Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімі немесе учаскелік полиция инспекторына хабарлағаныңыз жөн. Көрсетілген сақтық шараларын ұстанғанда қауіпсіздік жайын ойлауға болатынын ескертеміз.
Шалқар НАУРЫЗҒАЛИЕВ
Қызылқоға АІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны