Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Полициямен ашық диалог» кездесуі

UTEBAYEV UNIVERSITY-де жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған «Полициямен ашық диалог» атты кездесу өтті. Іс-шараға Атырау қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы Дидар Темірғалиұлы Қайырғалиев қатысып, студенттермен ашық сұхбат жүргізді.

Кездесу мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттерге өздерін қорғау жолдарын түсіндіру және полиция мен жастар арасындағы сенімді нығайту. Жиын барысында қазіргі таңда белең алып отырған алаяқтық түрлері, интернет алаяқтардың әдіс-тәсілдері және одан қорғану жолдары; зиянды психоактивті заттардың адам денсаулығына қаупі; төтенше жағдайларға, жанжалға бармау, төбелестің салдары және дене жарақаттарын салудың құқықтық жауапкершілігі; студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары талқыланды.

Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты нақты түсінік алды. Полиция өкілі жастардың пікірін тыңдап, түйткілді мәселелерді бірлесіп шешуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, университетте сенім телефоны орнатылып жатыр. Бұл – әрбір білім алушының қиындыққа тап болған жағдайда үнсіз қалмай, көмек сұрап, қауіпсіздік мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT