Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тұрғындарға түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді

Таза Қазақстан акциясы аясында жеке тұрғын үйлерді аралау жұмыстары жүргізіліп, учаскелік полиция қызметкерлері мен жауапты мамандар бірлесіп аула тазалығын сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Рейд барысында әр үй иесіне тұрмыстық қалдықтарды дұрыс шығару, көшенің және аула маңының тазалығын қадағалау, белгіленбеген жерлерге қоқыс тастамау туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, заманауи электронды планшет арқылы тұрғындарға арнайы ескертулер жолданып, санитарлық талаптарды сақтамау фактілері тіркеліп отырды. 

Кәмшат ӘБІШ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT