Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда ардагер журналистің 75 жас мерейтойына арналған футзал турнирі басталды

Атырауда «Құрмет» орденінің иегері, қарымды қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Төлеген Берішбайдың 75 жас мерейтойына арналған БАҚ қызметкерлері арасындағы футзалдан облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Жарыс Облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Ашылу рәсімінде «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі бас директорының орынбасары Серік Қабдулов, медиахолдингтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Қабылов, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қаршыға Көшеков құттықтау сөз сөйледі. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Қабылов өз сөзінде Төлеген Берішбайдың ақпарат саласына сіңірген еңбегін атап өтіп, ардагер қаламгерді ұлықтап отырған «Атырау-Ақпарат» басшылығына алғыс білдірді. Өз кезегінде Төлеген Берішбай ұйымдастырушыларға ризашылығын айтып, жарысқа қатысып жатқан командаларға сәттілік тіледі. Турнирге Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінен құралған командалар қатысуда. Атап айтқанда, жарыс жолына «Атырау-Ақпарат», «Тауман», «Аудан-Ақпарат», «Тауман» және «Теxol» командалары шықты. Айта кетейік, атыраулық БАҚ қызметкерлері командасы республикалық турнирлерде топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT