Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда Махамбет Өтемісұлының жырына арналған поэтикалық кеш өтті

Облыстық білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласында «Өр рухтың үні — Махамбет жыры» атты поэтикалық кеші өтті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әдеби жиында Махамбет Өтемісұлының өлеңдері оқылып, ән шырқалып, көрермен назарына батыр бабаның өмірінен театралдық көріністер ұсынылды. Махамбет бабамыздың шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, Махамбет Өтемісұлының ұрпақтары мен мектеп оқушылары қатысты. - Атамыз өз өлеңінде жырлағандай, Өтемістен тараған он баланың бірі — Қожахметтің ұрпағымын. Жалпы бабамыздың рухына арналған өте керемет кеш өтіп жатыр. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да әр іс-шараны батырдың ұрпағы ретінде қолдауға дайынбыз- деді Махамбет Өтемісұлының ұрпағы Ерлан Ардашев. Ұйымдастырушылардың сөзінше, поэтикалық кеш алдағы жылы да жалғасын таппақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT