Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысында жол қауіпсіздігі күшейтілді

«Қазгидромет» РМК дерегінше, 14 желтоқсанда Атырау облысында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде қалың қар жауып, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді, екпіні 28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ал облыстың оңтүстігінде жел екпіні кей уақытта 30 м/с-тен асады.

Полиция департаментінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты Атырау–Орал, Атырау–Ақтөбе, Атырау–Доссор–Бейнеу бағыттарындағы тас жолдар уақытша жабылды. Қалған бағыттарда көлік қозғалысы полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жүргізілуде. Атырау қаласында көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға арнайы реагент себу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға 5 бірлік құрама жол машинасы тартылып, қала көшелері, көпірлер және ауылдық округтер жолдарын қамтуда. Жол қозғалысына қатысушылардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, жылдамдықты асырмауды және арақашықтықты қатаң ұстануды сұраймыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT