Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлікті өндіру, жүзеге асыру, оны сақтау, тасымалдау барысында заңды және жеке тұлғалармен ұйымдастырылып өткізілетін эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындау кезінде санитариялық ережелерінің қадағалануын бақылауды өндірістік бақылау дейміз.
Оның қызметі 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 90 бап 4 тармағының 4) тармақшасына сәйкес жүзеге асады. Негізгі мақсаты – азық-түліктің сапасын және қауіпсіздігін сақтау, объектідегі санитариялық эпидемиологиялық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету, тамақтан улану, жіті ішек жұқпалары және жұқпалы емес аурушаңдықтардың алдын-алу, объектідегі санитарлық заң бұзушылықтарға жол бермеу, заңнамада қарастырылған санитариялық-эпидемиологиялық іс шараларды орындау және де тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану орындарында жүзеге асырылатын азық түліктердің сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету сонымен қатар санитариялық ережелерінің қадағалануын бақылау. Тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық ережелердің сақталуы және профилактикалық іс-шаралардың орындалуы, өндірістік бақылауды ұйымдастырып, жүзеге асыру жауапкершілігі кәсіпорын, ұйым, мекеме басшысына немесе жеке кәсіпкерге жүктеледі. Заңды тұлғада немесе жеке кәсіпкерде өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жағдайы болмағанда, басқа ұйымдар арқылы келісім шарт бойынша белгіленген тәртіппен зертхана орталықтарымен бірге орындалады.
Руслан АСАУОВ,
Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы Қызылқоға аудандық бөлімшесінің басшысы міндетін атқарушы.