Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ұйымдастыруымен 12-13 желтоқсанда Астана қаласында “Cyber Challenge Kazakhstan” форумы өтіп жатыр

Форумда киберқауіпсіздік мәселелері талқыланатын пікірталас алаңы, сондай-ақ, күштік құрылымдар командалары арасындағы кибертурнир ұйымдастырылған.

Турнир күштік құрылымдардың киберқауіпсіздік саласы қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, киберқауіптерді анықтау мен алдын алу дағдыларын жетілдіру, командалық өзара әрекеттестікті нығайту және ақпараттық кеңістіктегі келеңсіздіктерге әзір болуға бағытталған. “Киберқауіпсіздік - біздің қорғаныс шебіміз” ұранымен өтетін турнирге ҚР МКҚ, ҚР ҰҚК, ҚР ҚМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҰ, “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ өкілдерінен құралған 10 команда қатысады. Турнир жеңімпаздары “қалалық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды бұзу”, “радиосигналды бұғаттау”, ЖК аппараттық бөлігін бұзу” секілді шартты тапсырмаларды орындаудан жинаған ұпай санына қарай анықталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT