Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиналыс ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылды. Бұл жиында ресми баяндаманың орнына ашық диалог болды, құрғақ статистика орнына нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар ата-аналар мен жасөспірімдерге төніп тұрған нақты қауіптер туралы ашық әңгіме өрбіді. Жиналыс барысында мамандар төмендегілерді егжей-тегжейлі түсіндірді: Кәмелетке толмағандарды заңсыз есірткі айналымына тартудың қазіргі әдістері; Есірткі қолданудың сыртқы және мінез-құлыққа тән белгілері; Ата-аналарға дер кезінде балаларға көмек көрсетудің маңызы. Жиналыста ата-аналарды "тест әр үйге" профилактикалық форматы ерекше қызықтырды. Оларға бұл тексеруді өз бетімен, жылдам және қолжетімді түрде жүргізуге болатыны тәжірибе жүзінде көрсетілді. Бұл құрал профилактиканың негізі — отбасынан басталатынын айқын көрсетті. Негізгі бөлімнен кейін зал бірден тарамады.

 Ата-аналар белсенді сұрақ қойып, жеке бақылаулары мен қиын жағдайларды талқылады, сонымен қатар профилактикалық жұмысты күшейтуге өз ұсыныстарын айтты. Тиімді профилактика — қорқыту немесе формалды есеп емес. Бұл — сенім, ақпараттандыру және ортақ жауапкершілік. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті осындай форматтарды әрі қарай да дамытуды жоспарлап отыр. Жиналыстар тек елордада емес, еліміздің барлық өңірінде өткізіледі. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT