Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қоныстану ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды

Көздіғара ауылдық округінің орталығы Қоныстану ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жоба құны 324,2 миллион теңгені құрайтын спорт кешенінің мердігері «НСК МВМ Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

-Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спорттың мәнін арттыру - басты міндеттердің бірі. Бұл ретте ауылдарда спорт кешенін салудың маңызы зор. Осыған орай Қоныстану ауылында 50  орындық спорт кешенінің құрылысы басталып отыр. Қазіргі кезде жер телімін қоршау, тегістеу, іргетасын құю  жұмыстары жасалуда,- деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов.

Оның айтуынша, жоба бойынша спорт кешенінде футбол, волейбол және баскетболға арналған алаң, күрес, бокс және жаттығу бөлмелері бар. Сондай-ақ, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер қарастырылған. 

Айта кетейік, Көздіғара ауылдық округінде 1738 халық, 318 тұрғын үй бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз